Қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандарымен кездесу

Бөлісу

2026 жылдың 25 мамыр күні «Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек» тақырыбында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі маманы Спабек Еркебұлан Қасымбекұлы және «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің басшысы Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жастар арасындағы рухани құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы тәртіп пен бірліктің маңызы туралы кеңінен сөз қозғалды. Спикерлер жастарды жауапкершілікке, отансүйгіштікке және өзара сыйластықта өмір сүруге шақырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушы жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тақырып аясында пікір алмасты. Бұл шара жастардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді шыңдауға және олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.