Дөңгелек үстел

Бөлісу

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 29.05.2026 ж күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде “Біз вакциналауды қолдаймыз” тақырыбында №3 циклдік әдістемелік комиссиясы ұйымдастыруымен 130М-11/25, 131М-11/25 топ студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстелде маманмен кездесу өткізілді. Арнайы шақыртумен келген маман “Жанұя” медициналық орталығының, егу кабинетінің мейіргері: Туйчиева Динара Мусиралиевна.
Кездесудің мақсаты: студенттерді жұқпалы аурулардың алдын алуда вакциналаудың маңызды екендігі туралы хабардар ету, қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарын түсіндіру, денсаулық сақтауға ынталандыру.
Жауапты: №3 Арнайы пәндер циклдік әдістемелік комиссия оқытушысы: Қосаева Гүлнұр Тайұзаққызы.