Маманмен кездесу «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – қауіпті көрініс»

Бөлісу

05.06.2026 ж. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – қауіпті көрініс» тақырыбында комплаенс офицері Нышанбеков Талас Нышанбекович маманымен кездесу өткізілді. Кездесу мақсаты: Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау, құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың зиянды салдары туралы түсініктерін кеңейту. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және әр азаматтың құқықтық жауапкершілігі туралы кеңінен айтылды. Кездесу студенттердің құқықтық білімін арттырып, адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан жан-жақты жауап алды.

Іс-шараны өткізген: №2 ЦӘК «Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндер» оқытушылары, сыбайлас жемқорлық пен күрестің алдын алу комиссиясының хатшысы: Иманалиева Г.Ж.