2026 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова жұмыс сапарымен Тараз қаласына келді.
Сапар аясында министр Жамбыл жоғары медициналық колледжіне арнайы барып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты. Ол оқу кабинеттерін, зертханаларды, тәжірибелік және симуляциялық оқыту орталықтарын аралап көрді.
Колледж директоры Жамиля Нұрғалиқызы Сарыбекова министрге оқу орнының жетістіктері, стратегиялық даму бағыттары, білім беру үдерісіне енгізілген заманауи технологиялар, халықаралық ынтымақтастық аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Колледждің 90 жылдық мерейтойы аясында ашылған Med AI LAB жасанды интеллект зертханасы таныстырылып, оның білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын жетілдірудегі мүмкіндіктері көрсетілді.
Жұмыс сапары барысында Ақмарал Шәріпбайқызы денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен, студенттермен және педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді. Кездесуде денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелер, медициналық кадрларды даярлау сапасы және жастардың кәсіби дамуы жөнінде пікір алмасу өтті. Ардагерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірсе, студенттер білімдері мен тәжірибелік машықтарын көрсетті.
Бұл сапар медициналық білім беру сапасын арттыруға, болашақ медицина мамандарын даярлау мәселелерін талқылауға және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған маңызды кездесу болды.






































