ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

Бөлісу

2026 жылдың 10 маусымында колледжімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында және «Аналар кеңесі» жоспарына сәйкес, жылды қорытындылайтын «Отбасы – мемлекет тірегі» атты дөңгелек үстел өтті! Іс-шараның басты мақсаты — отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-ананың рөлін күшейту және колледж бен отбасы арасындағы алтын көпірді нығайту. Тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші  Жамиля Несипбековна Айдабосынова кездесуді ашып, отбасылық құндылықтар, балалардың бос уақытын тиімді өткізу және жасөспірімдерді үнемі назарда ұстап, қадағалау туралы маңызды ойлармен бөлісті. ҚБАЖ меңгерушісі  Рахат Бакенович Усенов студенттердің кешкі мезгілде көшеде жүруінің алдын алу және жазғы демалыс кезіндегі бала қауіпсіздігі мәселесін қозғады. Баланың өмірі, денсаулығы мен тәртібі тікелей ата-ананың жауапкершілігінде екенін баса айтты. Әлеуметтік педагог  Айман Ануарбековна Буксукбаева  «Отбасы – мемлекет тірегі» тақырыбы аясында өзекті мәселелерді ортаға салып, мықты мемлекеттің негізі берік отбасынан басталатынын жеткізді. Жиын барысында Асель Нұрлыбековна Оскенбаеваның жетекшілігімен ата-аналарға арналған психологиялық ой қозғау жаттығулары ұйымдастырылды. Ата-аналарымыз келесі тренингтерге үлкен белсенділікпен қатысты:

  •  «Мен қандай анамын?» (өзін-өзі тану)
  •  «Жіп жаттығуы» (өзара байланыс пен сенім)
  •  «Бес алақан» (отбасылық құндылықтар)

Ата-аналар әр жаттығуда өз ойлары мен толғаныстарын парақ бетіне түсіріп, ортада оқып берді. Алған әсерлерімен бөлісіп, шара соңында психологқа өз ұсыныстарын жазбаша қалдырып, ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдірді. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына толық жетті. Бала болашағына бей-жай қарамайтын, колледж өміріне белсене араласқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!

Ұйымдастырушылар: Колледждің тәрбие бөлімі.