Ұлттық домбыра күні

Бөлісу

2026 жылдың 9 маусым күні Ұлттық домбыра күніне орай «Нағыз қазақ – домбыра» тақырыбында күй жарысы өтті. Домбыра – ұлттық болмысымызбен, тарихи тамырымызбен біте қайнасып жатқан қастерлі құндылығымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнінде сөйлеген сөзінде «Біз ұлттық бірегейлігімізді сақтағымыз келсе, қастерлі аспапты қадір тұтуымыз қажет. Ол – біздің тереңнен тамыр тартатын төл тарихымыздың куәгері. Мерейлі мереке өнерімізді өрге шығарып, тұтастығымызды нығайта түсу үшін керек. Мен ұлттық құндылықты ұлықтайтын бастамаларды барынша дәріптеу қажет деп санаймын. Домбыра күні соның айқын көрінісі болуға тиіс», – деп домбыра қазақ халқының жаны, ұлт болмысының айнасы екенін тілге тиек етті. Домбыраның қоңыр үні көңіл төрінде күмбірлеп, рухымызды асқақтата берсін! Баршаңызға мереке құтты болсын!