Медицина қызметкерлері күні мерекесі

Бөлісу

17.06.2026 жылы  №2 жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушылары медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» тақырыбында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ұжымын  кәсіби мерекесімен  құттықтап, мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс, кәсіби жетістіктер мен баянды бақыт тілейміз. Ел игілігі жолындағы ерен еңбектеріңіз әрдайым құрмет пен алғысқа бөлене берсін!

Мерекелік шара барысында колледжіміздің бірқатар оқытушылары мен қызметкерлері білім беру мен денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі, кәсіби шеберлігі мен жемісті еңбегі үшін төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

  1. Куанышбекова Л. Т. – «Қазақстан медициналық колледждері Одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі «Медициналық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.
  2. Серимов М.К. – Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын сақтауда науқастарға медициналық көмек көрсетудегі рақымдылық, кәсіпқойлықпен сіңірген абыройлы еңбегі үшін «Алтын Дәрігер» төс белгісімен марапатталды.
  3. Айдабосынова Ж.Н. – ҚР денсаулық сақтау министрлігі атынан Денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.
  4. Өскенбаева Ә.Н.- Тараз қаласы әкімдігінің атынан Жамбыл жоғары медициналық колледжінің құрылғанына 90 жыл толуына орай, өңіріміздің денсаулық сақтау саласына білікті мамандар даярлаудағы елеулі үлесі мен кәсіби жетістіктері үшін құрмет грамотасымен марапатталды.
  5. Калымбетова Ж.Б.- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Медицина қызметкері күні мерекесіне орай денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.
  6. Кудебаева Э.Ж. – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы медицина қызметкері күні мерекесіне орай денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
  7. Саурбаев Т. Қ. – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы медицина қызметкері күні мерекесіне орай денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық коғамдық бірлестігі атынан құрмет грамотасымен марапатталды.
  8. Юсупова Н.Т. – Жамбыл жоғары медициналық колледжі негізі қаланғанына 90 жыл толуына орай ақ халатты абзал жандарды тәрбиелеуге қосқан үлесі мен кәсіподақ қозғалысын нығайтудағы белсенділігі үшін «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық коғамдық бірлестігі атынан алғыс хатпен марапатталды.
  9. Назар Д.Қ.- «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық коғамдық бірлестігі атынан «Үздік әлеуметтік серіктес» төс белгісімен марапатталды.