Таразда Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай мерекелік шара өтті.

Бөлісу

Салтанатты іс-шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, қалалық мәслихат төрағасы Кенжебек Олжабай және сала ардагерлері мен жас спортшылар қатысты.

Шара барысында шаһар басшысы салауатты өмір салтын белсенді насихаттап, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тартуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа арнайы марапаттарды табыстады.

Атап айтқанда,Жамбыл жоғары медициналық колледжінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сағи Бейшенов қала әкімінің Алғыс хатына ие болды.

Жалпы, 2026 жылғы 10-15 тамыз аралығында Спорт күніне орай қалада апталық ұйымдастырылып, оған 1 000-нан астам спортшы қатысты. Бұл шаһарда бұқаралық спорттың кең қанат жайып келе жатқанын көрсетеді.

Бүгінде Тараз қаласында спорттың 66 түрі дамыған. Оның ішінде 27-сі – олимпиадалық, 28-і – олимпиадалық емес және 11-і – ұлттық спорт түрлері.

Сонымен қатар, Таразда азаматтарды жүйелі спортпен қамту көрсеткіші облыс орталығы тұрғындарының жалпы санының 45,4 пайызын құрайды. Яғни қазіргі таңда 209 027 адам спортпен тұрақты түрде шұғылданады.