«Өндірістегі 10 күн» облыстық акцияға қатысу мақсатында «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК мамандығы «Мейіргер ісі», біліктілігі «Жалпы практикадағы мейіргер» 304 топ студенттері акцияның 1-ші күні «Өндіріспен танысуды» «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК барып кәсіпорынның қызметімен, өндірістік үдерістерімен, жұмыс орнымен және еңбек қауіпсіздігі талаптарымен танысты.
Тәжірибенің ең алғашқы күнін ең жауапты әрі қарбалас өтетін — Қабылдау бөлімінен бастады.
Қабылдау бөліміндегі науқастарды алғашқы тіркеу, триаж жүйесі және мейіргерлік құжаттарды толтыру барысымен танысты.
Еңбек қауіпсіздігі мен медициналық деонтологиялық нормаларды қатаң сақтауды үйренді.
Студенттеріміз үшін кішкентай пациенттерге алғашқы көмек көрсету үдерісін көру — үлкен тәжірибе болды. Болашақ мейіргерлердің білімге деген құштарлығы мен жауапкершілігі өте жоғары!
Алдымызда әлі де қызықты әрі пайдалы 9 күн бар. Бізбен бірге болыңыздар.#Өндірістегі10күн #10Күн10Дағды #МенӨндіріскеДайынмын






