«Маманның бір күні»

Бөлісу

«Өндірістегі 10 күн» облыстық акцияға қатысу мақсатында «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК мамандығы «Мейіргер ісі», біліктілігі «Жалпы практикадағы мейіргер» 304 топ студенттері акцияның 2-ші күні «Маманның бір күні» тақырыбы бойынша Жамбыл облыстық балалар ауруханасының білікті аға және палаталық мейірбикелеріне бекітіліп, олардың күнделікті жұмыс ырғағына толық енді!

Бүгінгі күннің нәтижесі:

Тәжірибе алмасу: Білікті мамандардың жұмыс барысын, пациенттерге күтім жасау процесін басынан аяғына дейін бақылау.

Құжаттама: Мейіргерлік посттағы құжаттарды толтыру, дәрі-дәрмектерді есепке алу және тағайындау парақтарымен жұмыс істеу тәртібін зерделеу.

Клиникалық бақылау: Кішкентай пациенттердің денсаулық көрсеткіштерін (дене температурасы, қан қысымы, пульс) бақылау және тіркеу дағдыларын пысықтау.

Студенттеріміз өз мамандығының қыр-сырын нақты өндіріс орнында көріп, кәсіби сенімділіктерін арттыра түсті. Болашақ мейіргерлердің ынтасы жоғары!

Ертең бізді медициналық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтармен танысу күні күтіп тұр.

Хэштегтер:

#Өндірістегі10күн #10Күн10Дағды #МенӨндіріскеДайынмын.