СТУДЕНТТІК ӨМІРГЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ!

Бөлісу

Жаңа оқу жылы – әр студент үшін жаңа орта, жаңа таныстықтар мен жаңа мүмкіндіктер кезеңі.
Колледжімізде жаңадан қабылданған студенттерге **студенттік билеттері табысталып**, олардың колледж өміріне сәтті бейімделуіне бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында студенттер:
▫️ колледждің ішкі тәртіп ережелерімен;
▫️ студенттердің құқықтары мен міндеттерімен;
▫️ оқу процесінің ұйымдастырылу тәртібімен;
▫️ колледждегі қауіпсіздік талаптарымен;
Сонымен қатар студенттерге жаңа ортаға бейімделу, топпен жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін құрметтеу және колледждің қоғамдық өміріне белсенді араласудың маңыздылығы түсіндірілді.
Адаптация – жаңа ортаға үйрену ғана емес, өз орныңды тауып, жаңа мүмкіндіктерге қадам басу.
Әр студентке колледж өміріне сәтті бейімделіп, білім жолында биік жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!