«СЕНІМДІ ДОС» АҚПАРАТТЫҚ-ОҚЫТУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде колледж қызметкерлерінің кәмелетке толмаған студенттерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында *«Сенімді дос»* тақырыбында ақпараттық-оқыту шарасы өткізілді.
Шара барысында колледждің барлық қызметкерлері *Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 6 ақпандағы №49 бұйрығымен* таныстырылды.
Оқыту барысында:
▫️ кәмелетке толмаған білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің негізгі бағыттары;
▫️ студенттердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету;
▫️ кәмелетке толмағандар арасында ауто-деструктивті мінез-құлықтың алдын алу және ерте анықтаудағы педагогтармен басқа да қызметкерлердің рөлі;
▫️ қандай да оғаш белгі байқаған жағдайда қызметкерлердің әрекет ету алгоритмі;
▫️ студентке қолдау көрсету және оны тиісті мамандарға бағыттау тәртібі;
▫️ колледж қызметкерлерінің өзара іс-қимылы мен жауапкершілігі қарастырылды.
Әрбір қызметкердің студенттің көңіл-күйі мен мінез-құлқындағы өзгерістерге бейжай қарамай, қажет жағдайда дер кезінде қолдау көрсетуі – қауіптің алдын алудың маңызды бөлігі.
*Сенімді орта – қауіпсіз орта. Ал студентке көрсетілген дер кезінде қолдау оның колледждегі өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне ықпал етеді.