«Су – өмір көзі»

Бөлісу

2026 жылғы 18 қыркүйекте Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 238 Ф-11/25 тобы, «Фармация» мамандығының студенттері арасында «Су – өмір көзі» тақырыбында экокураторалық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:
Студенттердің су ресурстарының адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы туралы түсініктерін кеңейту, суды үнемді пайдалануға, табиғи ресурстарды қорғауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Экокураторалық сағат барысында студенттер судың адам өміріндегі маңызы, оны тиімді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар студенттер «Тамшыны сақта – болашақты сақта!» тақырыбында шығармашылық плакаттар жасап, су ресурстарын қорғау мен үнемдеудің маңызын көрсетті.

Суды қорғау – болашақты қорғау!

Топ кураторы: Байғани А.Ж.