2026 жылдың 7-8 қазан күндері Жамбыл жоғары медициналық колледжінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Топ кураторының қызметі: тәрбие үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру алгоритмі» тақырыбында топ кураторларына арналған ақпараттық-түсіндіру өтті.
Топ кураторларына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының басым бағыттары мен міндеттері, іс-қағаздарын рәсімдеу жолдары, «Қауіпсіздік сабағын» ұйымдастыру мен өткізу және «Балажан» платформасымен жұмыс жүргізудің жолдары түсіндірілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары колледждің А, Б, В корпустарында жеке жүргізілді.






