Қарты бар үйдің – қазынасы бар

Бөлісу

Қарттар күні – үлкенге құрмет көрсетіп, ақ батасын алып, мейірім мен ізгілікті дәріптейтін ерекше мереке.
Осы мерекеге орай 1.10.2026ж 114ЕФ-9/26, 231М-11/25 топтарының кураторы Қосаева Гүлнұр Тайұзаққызының ұйымдастыруымен,тәрбие жұмысының меңгерушісі Айдабосынова Ж.Н.,бөлім меңгерушілері Калымбетова Ж.Б,Айдралиева А.Б және 114ЕФ-9/26 тобының ата-ана комитеті Кадырбаева Ж.Б, және белсенді студенттердің қатысуымен қарттар үйіне арнайы барып, ардагер ата-әжелерімізге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Кездесу барысында студенттер жүрекке жылы тиер өлеңдер оқып, әсем ән мен би ұсынып, домбыраның күмбірлеген үнімен күй тартып, мерекелік бағдарламаларын тарту етті.
Әрбір өнер нөмірі үлкендерге деген шынайы құрмет пен ыстық ықыластың белгісі болды.
Ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымыз жастарға ақ батасын беріп, жылы лебіздерін білдірді. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойына үлкенді сыйлау, мейірімділік, қамқорлық пен адамгершілік құндылықтарын сіңіреді.
Қарты бар үйдің – қазынасы бар.
Ардақты қарттарымыз аман болып, әрдайым құрмет пен қамқорлыққа бөлене берсін!
Сіздердің ақ баталарыңыз бен өмірлік өнегелеріңіз – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра!
114ЕФ-9/26, 231М-11/25 топтарының кураторы: Қосаева Гүлнұр Тайұзаққызы