СЫР-СҰХБАТ «ҚЫЗ ҚЫЛЫҒЫМЕН КӨРІКТІ»

Бөлісу

«Анаға тағзым» орталығында Тараз қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен қыз бала тәрбиесі, әдептілік тақырыбында «Қыз қылығымен көрікті» атты сыр-сұхбат өтті.

Тағылымды шараға Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 1-курс студенттері мен «Балауса» қыздар клубының жетекшісі Асель Оскенбаева қатысты.

Кездесудің мақсаты – қыз балалардың бойына әдептілік, ибалық, сыпайылық пен мейірімділік қасиеттерін сіңіру, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, сондай-ақ білім мен тәрбиенің маңызын насихаттау болды.

Сыр-сұхбаттың арнайы қонағы – «Ене мен келін» өнеге мектебінің жетекшісі Мырзагүл Тәжиева. Ол қыз тәрбиесі туралы тағылымды ойларын ортаға салып, жастармен еркін пікір алмасты. Қыз баланың қоғамдағы орны, ата-ана тәрбиесінің маңызы, заманауи қыздың бейнесі мен адамгершілік қасиеттері кеңінен талқыланды. Ардагер ұстаз Мырзагүл Тәжиева қыз баланың көркі тек сыртқы келбетінде емес, оның тәрбиесі, көркем мінезі, білімі мен ішкі жан дүниесінде екенін атап өтті.

Шара аясында қыз тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Қыз өссе – елдің көркі» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған әдебиеттер арқылы қатысушылар қыз бала тәрбиесіне қатысты тағылымды туындылармен танысты.

#анаға_тағзым_тараз
#отбасын_қолдау_орталығы
#анаға_тағзым_орталығы