Колледж әдіскерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытындағы біліктілікті арттыру курсы.

Бөлісу

2026 жылғы 14–25 қыркүйек аралығында «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Алматы қаласы, Мәметова көшесі, 67 мекенжайында орналасқан «Колледж Хекслет» ЖШС базасында «Білім беру инновация жағдайындағы колледж әдіскерлерінің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы офлайн форматта өткізілді.
Курстың жалпы ұзақтығы 72 академиялық сағатты құрады. Аталған курсқа колледж әдіскері А.К. Құдайбергенова қатысып, кәсіби білімін жетілдіріп, әдістемелік қызметтің заманауи бағыттары бойынша тәжірибесін толықтырды.
Курс барысында білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістер, колледждегі оқу-әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби дамуын әдістемелік сүйемелдеу, білім беру сапасын арттыруға бағытталған заманауи тәсілдер қарастырылды. Сонымен қатар білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, оқу-әдістемелік құжаттаманы жетілдіру және білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмыстың тиімділігін бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылды.