«Денсаулық сақтау өз қолымызда»

Бөлісу

2026 жылғы 15 қазанда  Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Әйел өмірі үшін» сүт безі обыры туралы республикалық ақпараттандыру айлығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Денсаулық сақтау өз қолыымызда» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – сүт безі обырының алдын алу, әйелдер денсаулығын сақтау және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру, қатысушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру.

Іс-шара барысында сүт безінің анатомиялық құрылысы мен физиологиялық ерекшеліктері, сүт безі обырының алдын алу жолдары, сүт безіндегі өзгерістерге назар аудару, тұрақты медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар арасында сұрақ-жауап алмасу ұйымдастырылып, әйел денсаулығына қатысты өзекті сұрақтар талқыланды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы білімдерін толықтырды.

Денсаулық – баға жетпес байлық. Өз денсаулығымызға қамқорлық жасау – өз қолымызда!

Іс-шараға жауаптылар: Қосаева Г.Т., Махатова А.Б., Айдралиева А.Б., Назар Д.Қ.