«Заң және тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі» 

Бөлісу

15 қазан 2026 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Адал Азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында «Заң және тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі»  тақырыбында «Мейіргер ісі» бөлімінің кураторы Жантохова Г.Н., «Мейіргер ісі» бөлімі 405М-9/23 топ студенттерімен тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Студенттерге құқықтық мәдениет туралы түсінік беру, заң талаптарын орындаудың қоғам өміріндегі маңызды рөлін түсіндіру.
    2.Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің негізгі шарттары – заңға бағыну, жауапкершілік, азаматтық сана туралы ой қалыптастыру.
    3. Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.
    4. Құқық бұзушылықтың алдын алу, заңсыз әрекеттердің салдарын түсіндіру арқылы дұрыс шешім қабылдауға үйрету.
    5. Студенттерді қоғамға пайдалы, тәртіпті, жауапкершілігі жоғары азамат болуға баулу, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға өз үлесін қосуға ынталандыру.