Халықаралық тағылымдама

Бөлісу

2026 жылдың 20–28 қыркүйек аралығында «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Ескебекова Зираш Сердалиевна «Халықаралық аккредиттеу және білім беру академиясы» ұйымдастырған «ЖИ-экономикасы үшін кадрлар даярлау: кәсіптік білім берудің жаһандық жүйесі» тақырыбындағы халықаралық тағылымдамадан өтті.

Бағдарламаның басты мақсаты: шетелдік озық тәжірибені сараптап, оны отандық білім беру жүйесіне енгізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Шэньчжэнь, Гонконг және Шанхай қалаларын қамтыған тағылымдама аясында Қазақстан колледждерінің өкілдерінен құралған делегация өндіріс орындарын, оқу орындарын, WorldSkills орталығы мен кәсіби шеберлік мұражайын аралап, Қытай мен Қазақстанның кәсіптік білім беру мекемелері басшыларына арналған «Жібек жолындағы шеберлік — болашақтың іргетасы» және «Болашаққа бағытталған кәсіптік білім беру: Би Шэн шеберханасы» атты Еуразиялық ауқымды екі форумға қатысты. Іс-шараның ең маңызды тұсы – қатысушылардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынас орнатып, әлеуетті серіктестер іздеуге мүмкіндік алуы болды.

Колледж басшылары мен оқытушылары өз оқу орындарының атынан қатысып, ортақ мүдделерін талқылады, визиткалары мен байланыс деректерімен алмасты, сондай-ақ бірлескен жобаларға қатысты жоспарларын белгіледі.

Сапар барысында робототехника, жасанды интеллект және өндірісті автоматтандыру салаларындағы маман даярлау талаптары зерттеліп, колледждер мен кәсіпорындардың өзара ықпалдастық үлгілері карастырылды. Сондай-ақ заманауи оқу жабдықтарымен, бағдарламалық шешімдермен және WorldSkills алаңындағы «Денсаулық сақтау және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша мамандар біліктілігін арттырудағы рөлімен танысуға мүмкіндік туды.

Халықаралық  тағылымдама барысында  Қытай-Қазақстан «100 колледж» Альянсы құрылып, «Шанхай ғылым және технология» колледжімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Болашақта Альянс аясындағы кездесулер бірлескен оқу модульдерін әзірлеуге, оқытушылар құрамын даярлауға, студенттік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз.

 

Меморандум о сотрудничестве

Меморандум о сотрудничестве