Халықаралық тағылымдама

Бөлісу

2026 жылғы 20–28 қыркүйек аралығында «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Ескебекова Зираш Сердалиевна «Халықаралық аккредиттеу және білім беру академиясы» ұйымдастырған «ЖИ-экономикасы үшін кадрлар даярлау: кәсіптік білім берудің жаһандық жүйесі» тақырыбындағы халықаралық тағылымдамаға қатысты.

Шэньчжэнь, Гонконг және Шанхай қалаларында өткен тағылымдама барысында қатысушылар оқу орындары мен өндіріс орындарының тәжірибесімен танысып, халықаралық форумдарға қатысты. Робототехника, жасанды интеллект және өндірісті автоматтандыру салаларындағы мамандарды даярлау мәселелері талқыланды.

Тағылымдама аясында Қытай-Қазақстан «100 колледж» Альянсы құрылып, «Шанхай ғылым және технология» колледжімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл бастамалар білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Меморандум о сотрудничестве