2026 жылғы 28 қазанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалында «Қаржылық сауаттылық – табыс кепілі» атты облыстық онлайн семинар өткізілді.
Семинарға «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсын аяқтаған директорлар, директордың орынбасарлары және математика пәні мұғалімдері қатысты. Мақсаты – педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыру, курстан кейінгі қолдау көрсету және тәжірибе алмасу.
Семинар барысында Жамбыл жоғары медициналық колледжі директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Куанышбекова Ляззат Тураровна «Қаржылық орта: тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада отбасылық бюджетті жоспарлау, тұтынушылардың құқықтары, қаржылық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және балаларға қаржылық тәрбие беру мәселелері қамтылды. Қатысушылар өмірлік мысалдар мен ситуациялық тапсырмалар арқылы тәжірибе алмасты.












