28 қазан 2026 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тікелей эфирдегі онлайн трансляциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға колледж әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Жолдауда әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, медицина мен білім беру салаларын дамытуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жалақысын арттыру, жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу, алғашқы медициналық көмекті жаңғырту, білім беру нысандарын көбейту, медициналық білім сапасын арттыру және жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу мәселелері айтылды.
Іс-шара соңында Жолдауды насихаттауға арналған №1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері циклдік әдістемелік комиссиясының жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді.










