Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» мен Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлесуімен «Тәлімгерлік мектебі» жобасы аясында өндірістік тәлімгерлікті дамыту мақсатында 2026 жылғы 29–30 қазан күндері оқыту ұйымдастырылды.
Оқыту барысында «Дуальды оқыту жағдайында кәсіпорындарда тәлімгерлік жүйесін ұйымдастыру және дамыту» тақырыбы бойынша оқу курсы өткізілді.
Аталған оқуға Жамбыл облысының медициналық ұйымдары мен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің өкілдері қатысты:
Андакулова Құралай Төлеусқызы – Жамбыл жоғары медициналық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары;
Сембекова Бибігүл Досаевна – Жамбыл облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бас мейіргері;
Манамбаева Айман Тәшенқызы – Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының аға мейіргері;
Шеримова Аида Ержанқызы – №9 қалалық емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары;
Назарбекова Гүлмира Баймаханбетқызы – Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас мейіргері;
Терентьева Елена Васильевна – №7 қалалық емхананың аға мейіргері.
Оқу курсының нәтижесінде қатысушылар дуальды оқыту жағдайында тәлімгерлік жүйесін тиімді ұйымдастыру, өндірістік оқыту үдерісін жетілдіру және білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту бағыттары бойынша білімдерін толықтырып, 16 академиялық сағаттық оқу курсын аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды.
Бұл жоба өндіріс пен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға, тәжірибелі мамандардың тәлімгерлік әлеуетін арттыруға және болашақ мамандарды кәсіби даярлау сапасын жақсартуға бағытталған.




