2026 жылдың 23 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген «Цифрлық трансформация дәуіріндегі білім: жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдер» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Жамбыл жоғары медициналық колледж оқытушылары:С.Г. Бибосынова, А.К. Кудайбергенова, Р.Т. Нурбаева, Г.Қ. Септесін, А.Р. Махмұд қатысып, Сертификат және Алғыс хаттарға ие болды.





