«Фармация» мамандығының оқу-әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес, Астана қаласындағы «З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі» базасында «Үздік практикалық сабақтың әдістемелік әзірлемесі» атты Республикалық байқау өтті.
Аталмыш шара «Фармацевтикалық химия» пәні бойынша әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін шыңдау және заманауи білім беру технологияларын енгізу мақсатында ұйымдастырылды.
Осынау дүбірлі додада Жамбыл жоғары медициналық колледжінің намысын қорғап, біліктілігі мен кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білген фармацевтикалық пәндер оқытушыларымыз:
Андакулова Куралай Тлеулесовна
Серкебаева Айгуль Кумекбаевна
Ахметова Улбосын Молдаханова
байқау қорытындысы бойынша ерен еңбектерінің нәтижесінде жүлделі І дәрежелі Дипломмен марапатталды!
✨ Құрметті әріптестер!
Сіздерді осынау лайықты әрі жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің ізденіске толы еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіз — білім ордамыздың мәртебесін асқақтатып, жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
Сіздерге алдағы уақытта сарқылмас қуат, кәсіби биіктер, жаңа соны жетістіктер мен шығармашылық толағай табыстар тілейміз! Еңбектеріңіз жана берсін, жеңісті күндер көп болсын!

