АИТВ инфекциясының алдын алу – денсаулық кепілі

Бөлісу

29.10.2026ж, -02.11.2026ж Жамбыл жоғары медициналық колледжінде
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандарының қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында 18 жасқа толған студенттер мен колледж қызметкерлерінен АИТВ инфекциясын анықтауға арналған қан сынамалары алынды. Екі күн ішінде барлығы 726 студент АИТВ инфекциясына тексеруден өтті.
Аталған іс-шараның ұйымдастырылуына және мамандардың жұмысына қажетті жағдай жасауға колледждің медициналық пункті өз үлесін қосты.
Мұндай шаралардың басты мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, халықтың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.