3.11.2026ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» мен бірлесе отырып «JuniorSkills Jambul -2026» облыстық чемпионаты өткізілді. Чемпионат жастарды қолдау, жаратылыстану ғылымы мен медицинаны насихаттау, қолдану аясын кеңейту, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту, медицинаға деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп білуге ынталандыру. Чемпионат 14-15 жастағы оқушылар арасында «Химия-биология білімпаздары» құзыреттілігі бойынша өтті.
Worldskills – дағдылардың құндылығын көрсетеді және білікті мамандардың бүкіл әлемде танылуын арттырады. Бұл қозғалыстың мақсаты – кәсіптік білім беруді дамыту және мамандық мәртебесін көтеру.
«JuniorSkills Jambуl-2026» облыстық чемпионаты
Чемпионаттың тапсырмалары IV кезеңнен тұрды, тапсырмалар химия және биология пәндері бойынша жүргізілді:
* 1. Тест;
* 2. Сандық және сапалық есептер шығару
* 3. Блиц-турнир
* 4. Үй тапсырмасы:
а) «Қазіргі таңда жастар арасында жиі қолданатын тағамдардың ағзаға тигізетін кері әсері»
б) «Табиғи бояуларды пайдаланып кондитерлік өнімдер дайындау» қорғау
Облыстық чемпионат сарапшылары:
- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» басшысы – Сапарғали Айбар Мэлсұлы
- Жамбыл жоғары медициналық колледжі директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың м.а. – Куанышбекова Ляззат Тураровна
- М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Биология» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., PhD доктор – Баубекова Айжан Кенжебекқызы
- Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің химия пәні оқытушысы, педагог-сарапшы – Молдашева Акгулим Тажибековна
- Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы химия-биология пәндерінің оқытушысы – Дубанов Нуржан Бахытович
Бүйір сарапшылары:
- Сагиндыкова Ботагоз Амангелдыевна – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің химия пәні оқытушысы.
- Ташмаханбетова Алия Серпековна – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің химия пәні оқытушысы.
- Кобегенова Алия Тұрсынбековна – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің биология пәні оқытушысы.
Есептеу комиссиясы:
- Турсынбаева Роза Кеншиликовна – №1 «Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндер» ЦӘК төрайымы.
- Мураталиева Нуржамал Мухтаровна – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
«JuniorSkills Jambуl-2026» облысты чемпионат жеңімпаздары:
І орын – Рысбек Мөлдір Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
ІІ орын – Құралбай Сандуғаш Хушнудқызы Байзақ ауданы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы
ІІ орын – Мият Қарақат Қайсарқызы Жуалы ауданы, Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейі
ІІІ орын – Талас Ақерке Дүйсенқызы Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимнпзиясы
ІІІ орын – Тұрғаналы Нұрсая Нұрдос қызы Т.Рысқұлов ауданы, Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебі
ІІІ орын – Шертай Іңкәр Әділетқызы Тараз қаласы, №3 мектеп-гимназия
Сертификат иегерлері:
- Айдар Кәусар Әбілханқызы
- Ақылбай Әмина Ерланқызы
- Сайфулмәлік Шұғыла Нұрланқызы
- Нұрлыбек Альмира Еркебұланқызы
Қатысушылардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.










