2026 жылғы 4 қараша күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 115ЕФ-9/26 тобында «Нашақорлықтың отбасы мен болашаққа тигізер зияны» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасы құндылықтарына және қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және жастардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Кураторлық сағат барысында нашақорлықтың адам өміріне тигізетін зардаптары, оның отбасының берекесі мен бірлігіне әсері, жақын адамдар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы және болашаққа әкелетін ауыр салдары талқыланды. Студенттерге есірткі заттарынан аулақ болу, зиянды әдеттерге қарсы тұру және өз өміріне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.
Іс-шара соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, нашақорлықтың алдын алу – әр адамның және бүкіл қоғамның ортақ міндеті екендігін түсінді.
Топ жетекшісі: Аманжолова Айман Жумагуловна
Тобы: 115ЕФ-9/26
Өткізілген күні: 04.11.2026 жыл





