Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 117 топ студенттерімен«Каждый человек достоин уважения: культура безопасного общения» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Кездесу барысында студенттер өзара сыйластық, жеке шекараны құрметтеу, қарым-қатынас мәдениеті және әр адамның қадір-қасиетін бағалау туралы ой қозғады.
Сонымен қатар психологиялық қауіпсіздік, қатарластарымен дұрыс қарым-қатынас орнату, сөз бен іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау, жағымсыз жағдайларда көмек сұрай білу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ашық пікір алмасу барысында студенттер өмірлік жағдаяттарды талқылап, өз ойларымен бөлісті. Кездесу нәтижесінде әр адамның құрметке, түсіністікке және қауіпсіз ортада өмір сүруге құқылы екені атап өтілді.








