10.11.2026 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «MED AI LAB» жасанды интеллект зертханасында «Жасанды интеллект және адам ағзасы» тақырыбында «Авиценна», «Рефлекс», «Нозология» үйірмелерінің ашық отырысы өткізілді.
Үйірме отырысының мақсаты: студенттерге жүрек-қантамыр жүйесінің анатомиялық құрылысын, физиологиялық қызметтерін және жиі кездесетін патологиялық жағдайларын жасанды интеллект арқылы кешенді түрде түсіндіру, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, клиникалық ойлау қабілеттерін дамыту және жүрек саулығын сақтаудың маңыздылығын ұғындыру.
Үйірме отырысы студенттердің білімін тереңдету, кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзара пікіре алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Ашық отырыс барысында үйірме мүшелері белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салып, қызықты тапсырмалар мен танымдық жұмыстарға қатысты.
Тәжірибелік бөлімде студенттер:
- «Ақылды сақина Smart Ring» аппаратымен жүрек соғысын зерттеу тәжірибесін орындап, жүрек соғысының ерекшеліктерімен танысты.
- Терінің ылғалдылық деңгейін анықтайтын «Corneometr» құрылғысы арқылы терінің физиологиялық жағдайын зерттеді.
- «Astra AI» платформасын тәжірибе барысында қолданды.
- «Жасанды интеллект және адам ағзасы» тақырыбында жұмыс жүргізіп, жасанды интеллекттің адам ағзасын зерттеу мен медицина саласындағы мүмкіндіктерін қарастырды.
Теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, заманауи технологияларды пайдалану арқылы студенттер зерттеушілік дағдылары мен пәнге деген қызығушылығын арттырды.
Қорытынды бөлімде студенттер «Жүрекке саяхаттан алған әсерім» тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, тәжірибеден алған білімдерін қорытындылады.
Медицина саласы – үлкен жауапкершілікті, үздіксіз білім мен ізденісті талап ететін мамандық. Үйірме жұмысы болашақ медицина қызметкерлерінің әрбір бос уақытын тиімді пайдаланып, білімдерін жетілдіруге жол ашады.
Біз білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында бірге ізденіп, бірге дамимыз!
Жауапты үйірме жетекшілері: Септесін Г.Қ., Орынбек С.А., Таңат Г.Б.

