20.11.2026ж. №1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушысы Жексеналиева А.Н 208 М-9/25 тобымен Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) және оның нәтижелері» тақырыбында ЦӘК ішілік сынамалы сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – студенттерге жаңа экономикалық саясаттың енгізілу себептері, негізгі бағыттары мен нәтижелерін түсіндіру, оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізген әсерін талдау.
Сабақ барысында заманауи педагогикалық технологиялар мен STEM әдісі қолданылып, білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі тапсырмалар мен интерактивті әдістер ұйымдастырылды.







