Мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамыту және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында өңірлік Достық үйі жанынан «Мәміле» қазақ тілі пікірталас клубы жыл басынан бері жұмыс жүргізіп келеді.
Клубтың негізгі мақсаты – қазақ тілін үйренуге ниетті азаматтар мен мемлекеттік тілді еркін меңгерген еріктілер арасында еркін диалог алаңын қалыптастыру. Сонымен қатар қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, дүниетанымын және ұлттық құндылықтарын зерделеу арқылы мемлекеттік тілді меңгеруге ықпал ету.
Жобаға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері, жастар мен тіл үйренушілер белсенді қатысып келеді.
2026 жылғы 19 қараша күні Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілі пікірталас клубының қорытынды отырысы өтті. Іс-шараға оқу орнымыздың 210 СД-9/25 тобының студенттері Шахбазова П.Б., Сабирова М.Д., Ташмухамедова Д.Р. және 221 ЛФ-9/25 тобының студенті Бешлиева М.А. қатысты.
Клуб жұмысына белсенді атсалысқаны үшін студенттерге жетекшілік еткен Буксукбаева Айман Анарбековна алғыс хатпен марапатталды.
Осындай игі бастамалар жастардың мемлекеттік тілді меңгеруіне, этносаралық достық пен бірлікті нығайтуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге зор үлес қосады.
Қазақ тілінің мәртебесін арттыру жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!


