13.09.2018 жылы ҚБАЖ меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен Тараз қаласы, ішкі саясат бөлімі, қалалық жастар ресурстық орталығы КММ-нің инспекторлары Темірханов Нұрым Серікұлы және Бакерамов Ханмырза Бауыржанұлы және Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ-ның УПИ полиция капитаны Сейтбеков Бауыржан Жолдасұлының қатысуымен «Тығырықтан шығар жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Қылмыстың алдын алу», «Қалта ұрлығы», ҚР ӘҚК-нің бірқатар баптарымен 1 курс 106, 107, 111 топ студенттерімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 75 студент қамтылды.