Айдабосынова Жамила Несипбековна – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің тәрбие жұмысының меңгерушісі. Білімі жоғары.
2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығының толық курсын бітірген.
Педагогикалық стажы-20 жыл, санаты жоғары.
2001-2012 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылындағы Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінде тарих, құқық пәндерінің мұғалімі қызметін атқарған.
2012-2021 оқу жылдарында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде тарих пәнінің оқытушысы және «Жас Алаш» дебат клубының жетекшісі қызметін атқарды.
2021 жылдан бастап колледжде тәрбие жұмысының меңгерушісі.
Марапаттары:
- Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің Жарғылық мақсат-міндеттерін қала жастары арасында кең көлемде насихаттауға қосқан үлесі үшін Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің АЛҒЫС ХАТЫ, 2015 ж.
- Жамбыл жоғары медициналық колледжі директоры Ж.Сарыбекованың ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, 2016 ж.
- Жамблыс облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысының м/а Ж.Бекбатырованың ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, 2019 жыл.
- Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Д.Есжановтан АЛҒЫС ХАТ, 2021 жыл.
- «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлердің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Г.Момбекованың ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, 2021 жыл.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі болып Усенов Рахат Бакенович жұмыс жасайды.
2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Запастағы аға лейтенант.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл жоғары медициналық колледжінде жұмыс істеуде.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысы қызметін атқарады. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының мазмұны мен түрі:
- Колледждегі топтар бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жағдайы туралы мәселенің қаралуы.
- Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің колледждің ішкі тәртіп ережесін, Жарғысын бұзуы және қоғамға қарсы әрекеттері мәселесін қарау.
- Білім алушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы даулы, шиеленісті жағдайларды шешу.
- Балаларына дұрыс тәрбие бермейтін және одан бас тартатын ата-аналар немесе оларды ауыстыратын заңды тұлғалармен түзету жұмыстарын жүргізу.
- Құқық қорғау және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлерімен тұрақты өзара байланысты сақтау. Аталған органдардың қызметкерлерін Кеңестің отырысына шақыру. Отырысқа шығарылатын мәселелер бойынша аталған органдардан шығатын құжаттарды талқылау және қарастыру.
Басты міндеттері:
- Ішкі істер бөлімімен бірлесе жұмыс істеу;
- колледждің білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарының нәтижелігін арттыруға көмектесу;
- Қауіпті топтарға жататын білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу;
- Кеңестің отырысына әрбір білім алушының жеке ісі бойынша оның ата-анасын немесе оны ауыстыратын заңды тұлғаны шақыру;
- Мұғалімдер ұжымына немесе ата-аналарға арналған кеңес беру –ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
- Қабылданған шешімідердің орындалуын бақылау;
- Өз қызметіне талдау жасау, оның нәтижесі бойынша жылына 1 рет педкеңесте сөз сөйлеу.