29.05. 2019 ж 5-отырыс
Кештің мақсаты:
Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу және белсенділігін арттыру, оларды қолдау және ынталандыру және жас мамандар мектебінің жылдық жұмыс қорытындысын шығару
Кештің өткізілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
І.1.Жүргізушінің кіріспе сөзі.
1.2. Ойлануға арналған ойын: «Әріп таңдау».
1.3. Әдістемелік мектептің атқарған жұмысының есебі
ІІ. Жас мамандармен жұмыс «Білікті маман-Ел тірегі»
2.1. Белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын құру
2.2. Жедел сұрақтарға жауап беру
ІІІ. Жоғары топқа өтетін оқытушылардың есебі.
2.1.Көрме. (Оқытушының әдістемелік жұмыстарының көрмесі)
2.2. Жоғары топқа өтетін оқытушыларды таныстыру.
2.З. Жоғары топқа өтетіндердің атқарылған жұмыстарының есебі.
ІV. Жас мамандармен 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындысы.
(әдіскерлердің талдауы)
4.1.Әдістемелік кабинет атынан құттықтау
4.2.Ән: «Ұстазым »
Қорытынды кешті «Әдістемелік мектеп» жетекшісі колледж әдіскері Л.К.Батаева жүргізді. Әдіскер кештің жүргізілу әдісіне тоқталды: іскерлік ойын, миға шабуыл, топтық шешім қабылдау, тренингтер, жеке кеңес беру, өз тәжірибесімен бөлісу, сұрақ-жауап. Кешті әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова ашып, жас жас мамандарға сәттілік тіледі.Кеш тамаша ойынмен басталды, жас мамандар топпен жарыс түрінде 2-тапсырма орындады, белгілі тақырыпқа сабақ жоспарын жазу және «Жедел сұрақтарға жауап беру» кезеңі бойынша жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында жүргізілді.Колледж әдіскері Л.К.Батаева оқу жылында әдістемелік мектептің атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. ІІІ-кезең жоғары топқа өтетін ішкі аурулар пәні оқытушысы А.К.Баетова, жұқпалы аурулар пәні оқытушысы М.К.Жасұзақ, мейірбике ісі негіздері пәндері оқытушылары Р.Д.Мухажанова, А.С.Оңғарбаева, биология пәні оқытушысы Л.А.Артыкованың есебі тыңдалды. Олар өздерінің жұмыстарын әдістемелік көрмеге қойып, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерін әріптестерімен бөлісті. Кездескен қиындықтарды жеңу жолдарын, әдістемелік кабинеттің, тәлімгерлерінің көрсеткен көмегіне ризашылықтарын білдірді. Жас маманға үздік әдістемелік көмек көрсетудегі еңбектерін бағалап тәлімгерлер, А.Б.Айдралиева, Ж.А.Тоқташева, А.К.Серкебаева, Г.Ж.Иманалиева, Г.Н. Джантохова, А.Н. Өскенбаеваны, өз іс-тәжірибесімен бөліскен тәрбие ісі меңгерушісі Л.К.Мейірманованы Алғыс хатпен марапатталды. Кеш «Ұстазым» әнімен аяқталды.