Дәріс сабақтар

Без рубрики
Бөлісу

29.04.2021 ж. Жантохова Г.Н. колледждің 1 курс студенттерімен дәріс сабақтар өткізді.
Мақсаты: Студенттерге әрбір елдің қуанышты күндерімен қатар қайғылы, азалы күндері де болатындығын, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары 1937-1938 жылдары елімізде 100-мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырағандығы туралы мәлімет беріп, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Ілияс Жансүгіров, Абдулла Розыбакиев, Санжар Асфендияров есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.