«Еңбегі адал – жас өрен»

Бөлісу

2026 жылдың 8 мамыр күні «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» тақырыбында гүл отырғызу, ағаш егу акциясы өтті. Аталған іс-шараға 107М-9/25 топ студенттері белсенді қатысып, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Акция барысында студенттер Жамбыл жоғары медициналық колледж ауласына гүлдер отырғызып, жас ағаш көшеттерін екті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға табиғатты аялаудың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Студенттер табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті екенін түсініп, туған жердің тазалығы мен көркеюіне жауапкершілікпен қарау керектігін ұғынды.

Акцияны ұйымдастыруға жауапты болған тәрбие жұмысының меңгерушісі Ж.Н.Айдабосынова мен жасыл ел жасағының  жетекшісі  А.С.Ташмағанбетова және студенттік кәсіподақ төрайымы Н.М.Мұраталиева студенттердің белсенділігін атап өтіп, мұндай игі шаралар жас ұрпақтың еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыратынын жеткізді.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы студенттер табиғатты қорғау мен оны келешек ұрпаққа таза күйінде жеткізудің маңызын терең сезінді.

IMG_7729