114ЕФ-9/26 тобының кураторы Косаева Гүлнұр Тайұзаққызы бірінші курс студенттеріне колледж бойынша экскурсия-сабақ өткізді.
Экскурсияның мақсаты – бірінші курс студенттерін оқу орнының негізгі бағыттарымен, ресурстары және мүмкіндіктерімен таныстыру.
Экскурсия барысында студенттер оқу кабинеттерімен, оқу-симуляциялық орталықпен, тәжірибелік дағдыларды қабылдау кабинеттерімен, кітапханамен, асханамен, медициналық пунктпен, гимнастикалық залмен, тестілеу орталығымен, студиямен, коворкинг-орталықпен, компьютерлік кабинеттермен, мұражаймен, конференц-залмен, спорт залымен және спорт алаңымен танысты.
Сонымен қатар экскурсия студенттердің өзара қарым-қатынасы мен достық байланыстарын нығайтуға, олардың колледж өміріне бейімделуіне қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталды.
Экскурсия жылы әрі достық атмосферада өтті. Студенттер колледждің құрылымы мен мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, белсенді қатысты.










