30.05. 2019 ж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі», «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жамбыл медициналық колледжі», Б ғимаратында «Кәсібі бойынша үздік мейіргер 2019» аймақтық кәсіби байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: – медицина қызметкерлерінің беделін және кәсіби құзыреттілігін арттыру, сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін жоғарылату, денсаулық сақтау саласындағы менеджментті жақсарту, еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын қамтамасыз ету үшін азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту және өмір сүру ұзақтылығын жоғарылату. Байқауға 7 медициналық ұйымының мейіргерлері қатысты. Байқау 4 кезеңнен тұрды:
1 кезең – тестілеу.
2 кезең – тәжірибелік дағдыларын бағалау аймақтық симуляциялық орталықта жүргізілді.
3 кезең – сайыскерлердің құжаттарын тексеру.
4 кезең – сайыскерлердің шығармашылық потенциалын бағалау.
Барлық сайыскерлер теориялық және тәжірибелік дайындықтарын көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша:
1 орынды – №2 қалалық емхананың мейіргері А.Е. Аманбаева,
2 орынды – облыстық қан орталығының мейіргері Л.С. Досанбаева,
3 орынды – №5 қалалық емхана мейіргері Э.Р. Бадыгжанова мен Жамбыл аудандық ауруханасының мейіргері А.А. Нажмадинова иеленді.