Кураторлық сағат

Бөлісу

«СУДЫ ҮНЕМДЕ – БОЛАШАҚТЫ ОЙЛА!»

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен бастамасы аясында «Суды үнемде – болашақ үшін сақта!» республикалық экологиялық сағаты өткізілді. Осыған орай, Жамбыл жоғары медициналық колледжінде студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыру және су ресурстарына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында кураторлық сағат ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Су – адамзаттың тіршілік етуінің негізгі көзі, табиғаттың баға жетпес байлығы. Онсыз өмірді елестету мүмкін емес. Су қорларын сақтау, оны ұқыпты әрі тиімді пайдалану – бүгінгі ұрпақтың болашақ алдындағы маңызды міндеттерінің бірі.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» бөлімінің 122ЛФ-11/26 тобының студенттері арасында табиғатты аялау, экологиялық сауаттылықты арттыру және су ресурстарына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Суды үнемде – болашақты ойла!» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырылды. Топ жетекшісі: Ташмаханбетова А.С.

Кураторлық сағатта судың адам өмірі мен қоршаған ортадағы рөлі кеңінен қарастырылып, су тапшылығының алдын алу және күнделікті тұрмыста суды тиімді пайдалану жолдары сөз болды. Сонымен қатар тақырыптық бейнематериал көрсетіліп, студенттер арасында танымдық пікір алмасу өткізілді.

Іс-шара соңында студенттер суды үнемдеудің маңыздылығы туралы өз пікірлерін білдіріп, табиғи байлықтарды қорғау әр адамның күнделікті өмірінен басталатынын түсінді. Суды сақтау – болашақ ұрпаққа қамқорлық жасаудың бір көрінісі.