19.05.2026 ж. «Нейрондық желі – адам миының көшірмесі» тақырыбында үйірме отырысы өткізілді. Іс-шара тренинг форматында ұйымдастырылып, қатысушылар түрлі интерактивті ойындар мен тәжірибелік тапсырмалар орындады. Студенттер «AI ма, адам ба?» ойыны арқылы жасанды интеллект пен адам жазған мәтіндерді ажыратуға тырысты. Сонымен қатар қатысушылар нейрондардың байланысын көрсету мақсатында ойындарға қатысып, ақпараттың ми жасушалары арасында қалай таралатынын тәжірибе жүзінде көрді. Іс-шара барысында студенттер AI жасаған суреттер мен шынайы фотоларды салыстырып, оларды ажырату жолдарын талқылады. Логикалық тапсырмалар мен командалық ойындар арқылы білім алушылардың қызығушылығы артып, белсенділігі жоғары болды.
Үйірме жетекшісі: Махмұд А.Р.
