Облыстық диктант

Бөлісу

2026 жылғы 19 мамыр күні кураторлық 133А-11/25, 205М-9/24, 212-9/24, 201М/24, 202М/24, 317 ЕФ-9/23 топтарымен «Жайдарлы жазда – құқық бұзушылықсыз демалыс» тақырыбындағы облыстық диктант өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіп қағидаларын насихаттау, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру болды.

Диктант барысында білім алушылар құқықтық мәдениет, өз құқықтарын қорғау және қоғамдағы жауапкершілік туралы мәліметтермен танысты. Студенттер белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.

Өткізілген іс-шара студенттердің заңға деген құрметін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды.