Oблыстық семинар-практикум

Без рубрики
Бөлісу

2019 жылдың 6 желтоқсан күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ ұйымдастыруымен «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында «Дуальды оқытудың өзектілігі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді. Дуальды оқыту жүйесі – кәсіптік кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Оның ерекшелігі, кәсіптік оқыту үрдісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорында өтеді. Кәсіптік кадрларды дайындаудың дуальды оқыту үлгісі – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершілігі тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып оқыту мен практикалық міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны болып табылады.
Облыстық семинар-практикумның қонақтары, келесі баяндамаларымен сөз қозғады:
1. Жамалов Талғат Салқанұлы – «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ басшысының орынбасары
2. Жайлышева Алтынай Жайлышевна «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы»кмм техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы
3. Нұржанов Райымбек Бестайұлы – «№1 Қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері – «Медициналық ұйымдардың кадрлар дайындауға қатысуы» баяндамасы.
4. Сарманов Айдос Батырханұлы – Тараз техника және бизнес колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары – «Дуальды оқытудың тиімді жақтары» баяндамасы
5. Омирбекова Майя Оспановна – Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің 1-ші деңгейлі сарапшысы – «Дуальды оқытуда жұмыс жоспарының ерекшелігі» баяндамасы.
Облыстық семинарға Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 43 маман қатысты.Жамбыл жоғары медициналық колледжінде дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алатын студенттердің әлеуметтік серіктестік базаларында тәжірибелік сабақтарды өту барысы туралы бейнеролик көрсетілді. Семинарға қатысушылар дуальды оқыту бағдарламасын жүзеге асыру туралы тәжірибе бөлісіп,сұрақ-жауап алмасты. Семинардың қорытындысы шығарылған соң, қатысушылар колледждің «Б» ғимаратындағы оқу-тәжірибелік кабинеттерімен танысты.