«Озат тәжірибе – ортақ іс» атты жас мамандардың қорытынды есеп беру кеші

Без рубрики
Бөлісу

«Озат тәжірибе – ортақ іс» атты жас мамандардың қорытынды есеп беру кеші on-line жүйесінде өткізілді.
Кештің мақсаты:
Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу және белсенділігін арттыру, оларды қолдау және ынталандыру және жас мамандар мектебінің жылдық жұмыс қорытындысын шығару.
Күн тәртібінде:
1.1. «Озат тәжірибе-ортақ іс».
1. “ Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында қазақстан тарихы пәні оқытушысы, тәлімгер Ж.Н Айдабосынованың іс-тәжірибесінен.
2. «Пәннің оқу- әдістемелік кешені» анатомия пәні оқытушысы, тәлімгер А.Б.Айдаралиеваның іс-тәжірибесінен.
ІІ.Жоғары топқа өтетін оқытушылардың есебі. ( 2 оқытушы).
ІІІ.Жас мамандармен пікір алысу: Ситуациялық сұрақтар және есептер.
ІV. Жас мамандармен 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындысы. 3.1.Әдістемелік кабинет атынан құттықтау.
Д.А.Қонаевтың «Көргені жақсы көш бастайды» деген тамаша сөзі бар, жас мамандарға бағыт- бағдар беретін, білмегенін үйрететін ол -тәлімгері. Сондай тәлімгерлер Б.С.Мадимарова, Ж.Р.Алтынбекова, А.К.Серкебаева, А.Б. Айдралиева, Д.Қ.Назар, Ф.Д.Турмысова, А.М.Дәулетов, Л.Б.Саурбаева және семинарларда өз тәжірибесімен бөліскен оқытушылар Ж.Н.Айдабосынова, А.К.Коконбаева, А.К.Кудайбергенова мен бағдарламалық қамтамасыз ету маманы А.С.Сұлтанғалиева Алғыс хатпен, жас мамандар Г.Қ.Септесін, Г.Б. Таңат Мақтау қағазымен марапатталды. Кеш «Ұстазым» әнімен аяқталды.

https://www.instagram.com/tv/CP8T8JmBUDs/?utm_source=ig_web_copy_link