Педагогикалық кеңес

Бөлісу

31.08.2026 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде педагогикалық кеңесінің отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Педагогикалық кеңестің хатшысын сайлау.
2. Қабылдау комиссиясының 2026-2027 оқу жылы жұмысының қорытындысы. Жауапты: қабылдау комиссияның хатшысы Мураталиева Н.М.
3. 2025-2026 оқу жылының ІІ жартысындағы білімгерлердің қарыздарын жою туралы есеп.
Жауапты: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Л.Т.
4. 2026-2027 оқу жылына педагогикалық ұжымы қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттарын бекіту:
– педагогикалық кеңестің құрамы және жұмыс жоспары;
– штаттық кесте, оқу жоспары мен оқу графигі;
– әдістемелік кеңестің құрамы мен жұмыс жоспары;
– колледжде жұмыс жасайтын комиссиялар және олардың құрамы,
төрағалары;
– ақылы және ақы төленбейтін кабинеттер мен зертханалардың
меңгерушілері;
– үйірме және спорт секцияларының жетекшілері;
– циклдық-әдістемелік комиссиялар және олардың құрамы, төрайымдары;
– топ жетекшілері.
Жауапты: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Л.Т.
5. Әр түрлі сұрақтар.