28.05.2026 ж. «Наркобекет» ұйымының нашақорлықтың алдын алу мақсатында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің салауатты өмір салтын қалыптастыру және тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен, 113ЕФ-9/25 топ студенттеріне Дүниежүзілік темекісіз күніне орай «Темекі – денсаулыққа жау», «Стресске төзімділікті қалай дамыту керек» тақырыптарында маманмен кездесу өткізілді. Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Л.Т.Абдрасилова студенттерге дәріс оқыды. Мақсаты: студенттерге психоактивті заттардың адам денсаулығына, психикасына, болашағына тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға мотивация беру, өмірге деген позитивті көзқарасын нығайту, саналы таңдау жасауға бағыттау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды дамыту, физикалық және психологиялық сауаттылыққа қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы түсінікті дамыту.
Жауапты: Кобегенова А.Т. – «Наркобекет» ұйымының жетекшісі











