16 қыркүйек 2026 жылы колледж студенттеріне психологиялық қызметтің жұмыс бағыттарын таныстыру шарасы өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – студенттерге колледждегі психологиялық қызметтің міндеттері мен мүмкіндіктерін түсіндіру, психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығын көрсету және студенттер арасында қолайлы психологиялық орта қалыптастыру.
Кездесу барысында студенттер:
колледж психологының қызметімен;
психологиялық кеңес алу мүмкіндіктерімен;
қиын жағдайларда көмекке жүгіну жолдарымен;
психологиялық қолдаудың негізгі бағыттарымен танысты.
Психологиялық көмек сұрау – өзіңе деген жауапкершілік.
Әр студент өзін қауіпсіз, және қолдау бар ортада сезінуі маңызды.
#ПҚ



