2026 жылдың 6 мамыр күні Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған – ұлы Жеңіс» тақырыбында Кеңес Одағының Социалистік Еңбек Ері Сындыбала Оңғарбаеваның ұрпағы, ізін жалғастырушы келіні Нүрзилә Бұрқықызымен тағылымды кездесу өткізілді.
Кездесу барысында:
▪️ Ұлы Отан соғысындағы жамбылдық батырлардың ерлігі, майдан даласында ерлік көрсеткен медицина қызметкерлерінің еңбегі баяндалды;
▪️ Тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі дәріптелді;
▪️ Тыл ардагерлерінің қайсарлығы мен табандылығын паш ететін мазмұнды бейнефильм көрсетіліп, 107М-9/25 топ студенттері Ұлы жеңіске арналған өлең оқып, ән шырқады, би билеп, хор орындап кездесудің көркін аша түсті.
Кездесуге арнайы келген қонақ өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарға бейбіт өмірдің қадірін түсіндіріп, үлкенге құрмет, елге сүйіспеншілік туралы өнегелі ойларын жеткізіп, ақ батасын берді. Қонақтың жүрекке жеткен жылы лебізі мен ақыл-кеңесі студенттерге ерекше әсер қалдырды.
Іс-шараға жауапты: «Мейіргер ісі» бөлімі 107М-9/25 топ кураторы Құдайбергенова А.К.











