Студенттерге арналған тренинг

Бөлісу

2026 жылдың 12 маусымында «Жаз – денсаулық пен дамудың маусымы» атты студенттерге арналған тренинг өткізілді.
Тренинг барысында жаз мезгілінде денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану, белсенді демалысты тиімді ұйымдастыру және суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушыларға жазғы демалыс кезінде өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
Тренинг қызықты ойындармен, танымдық тапсырмалармен және еркін пікір алмасумен жалғасып, қатысушылардың белсенділігін арттырды. Жастарды (әдетте 14-35 жас аралығындағы) еңбекке баулу, табиғатты қорғау және құрылыс жұмыстарына тарту арқылы жастарды уақытша жұмыспен қамтуға арналған арнайы ұйымдар(Еңбек жасақтары, волонтерлық қызметтер) бар екені айтылды.
Денсаулықты нығайтып, уақытты тиімді пайдалану – жарқын болашақтың кепілі!